Астанадағы мектептерге азық-түлік жеткізетін бір топ кәсіпкер қалалық білім басқармасы қолданыстағы шарт талаптарын бұзып отырғанын мәлімдеді
«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев азаматтарды қабылдады. Соның барысында кәсіпкерлікті дамыту мен шағын бизнеске қысым жасаудан бастап, спорт кешендерін салуға дейінгі маңызды мәселелер көтерілді. Азаматтарды әділдікке қол жеткізу мәселесі, құқығының қорғалуы және нақты қиындықтарға тап болған жандарға мемлекеттің қол ұшын созуға әзірлігі алаңдатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Балалар тұтынатын тағам сапасын жақсарту мәселесін қолдаймыз. Алайда бұл қадам нақты экономикалық түзетулермен қатар жүруі керек. Бүгінде 714 теңге азық-түлік пен логистикаға жұмсалатын шығынды өтемейді. Кәсіпкерлер шығынға ұшырауда. Ал өзге өңірлерде осы мәселе бизнеспен диалог орнату және мәзірді бюджет мүмкіндігіне сай бейімдеу арқылы шешілуде», – деді Қоғамдық тамақтану қауымдастығының өкілі Нұргүл Ахметова.
Бұдан соң Алматы қаласындағы «Көк базар» сауда ұжымының өкілі Елдос Қыдырбаев базарды жалға алушылардың алдында тұрған жүйелі проблемалар туралы айтты. Олардың қатарында, әкімшіліктің жиі ауысуы, орын босату туралы жаппай хабарламалар таратылуы, кәсіпкерлерге қысым жасалуы және сауда орнын «пайдалану құқығын» беру кезінде қолма-қол ақша жиналуы сынды мәселелер бар.
Өтініш берушінің айтуынша, екі жыл бұрын базар жаңа басшылықтың қолына өтті. Әкімшілік бірнеше рет ауысып, орынды «қайта бөлу» жұмысы басталды және жалға алушыларға іс жүзінде жүргізілмеген күрделі жөндеу жұмысына байланысты орын босатуды талап ететін хабарлама жолданды. Соның салдарынан, кәсіпкерлер 200 мың теңгеден бастап, бірнеше миллион теңгеге дейін ірі сома төлеуге мәжбүр. Олай етпеген жағдайда салымдарын жоғалтады. Тіпті, ондаған миллион инвестиция салған кейбір азаматтар сауда орындарынсыз қалды. Кәсіпкер қорқыту және физикалық қысым көрсету фактілері туралы мәлімдеді: бір топ кәсіпкер базардан кетті, бірнеше әйел медициналық көмекке жүгінді.
Өз сұрақтарыңыз бойынша «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауына келесі байланыс арналары арқылы жүгіне аласыз:
Қабылдауға жазылу кездесуге дейін кемінде 3 күн бұрын жүзеге асырылады.