$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде құрылыс саласы қарқын алып, жұмысшы мамандардың рөлі артып келеді

Биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9%-ға өскен

Елімізде құрылыс саласы қарқын алып, жұмысшы мамандардың рөлі артып келеді
Фото: freepik.com

Елордада құрылыс қарқыны жоғары. Тұрғын үй кешендері, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымдар үздіксіз салынып жатыр. Осы орайда қала құрылысына үлесін қосып жүрген Олжас Маратұлы пікір білдірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Астанада құрылыс тоқтаған емес. Қалаға өңірлерден келушілер көп, сол себепті тұрғын үйге сұраныс та жоғары. Біз үшін ең бастысы – жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау. Компания басшылығы жұмысшылардың жағдайына ерекше көңіл бөледі. Сондықтан мен осы салада әрі қарай өсуді, кәсібімді жетілдіруді көздеп отырмын», – деді Олжас.

Маманның айтуынша, құрылысшы болу үлкен жауапкершілік.

«Бұл салада тек физикалық күш емес, адамгершілік пен адалдық қажет. Себебі күн сайын түрлі адамдармен жұмыс істейсің, бір-біріңді түсіне білу де маңызды. Осы сала менің өмірімді түбегейлі өзгертті – дәл осы жұмыста болашақ жарымды кездестіріп, отбасын құрдым. Ол геодезист, яғни жобалау және жоспарлау жұмыстарымен айналысады. Екеуміз де ел игілігі үшін еңбек етіп келеміз. Қазір пәтер жалдап тұрамыз, бірақ мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан жеңілдіктер үміт сыйлайды», – дейді ол.

Олжас құрылыс саласының қауіпті екенін де атап өтті.

 «Кейде биіктіктен құлау, абайсызда жарақат алу сияқты жағдайлар болып тұрады. Сол себепті құрылыс – тәуекелі жоғары сала. Сондықтан еңбек етіп жүрген әр жұмысшыға құрметпен қарау қажет. Бұл салада күш-жігер, төзім және қайрат керек», – деді маман.

Серіктес жаңалықтары