Елордада демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл күндері демалыс орындары да жабылады

Фото ашық дереккөзден

Тазалық шараларын өткізуге байланысты 27-28 маусым күндері елордада қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлады астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл күндері автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қалыптасқан режимге 29 маусымда (дүйсенбі) оралады.

Бұдан бөлек, барлық қоғамдық орындар: саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар, жағажайлар және т.б. адам көп жиналатын орындар демалыс күндері жабық болады.