$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында кортеж кезінде жол ережесін бұзғандар жазаланды

Олар көліктерді жалға алған

Түркістан облысында кортеж кезінде жол ережесін бұзғандар жазаланды
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба полиция назарын аударды. Осыған дейін қымбат көліктерден құралған кортеждің жол ережесін өрескел бұзған сәті жайлы жазған едік. Оқиға Сайрам ауданында болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тексеру нәтижесінде полицейлер Toyota, Lexus және Daewoo Nexia маркалы төрт көліктің жүргізушілерін анықтаған.

«Жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны және апатты жағдай туғызғаны үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер арнайы тұраққа қойылып, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін, көліктің маркасы мен жүргізушінің әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, заң алдында бәрі тең екенін еске салды.

 

Серіктес жаңалықтары