$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді

Оны қала әкімі Дархан Сатыбалды тағайындады

Алматының Мәдениет басқармасына жаңа басшы келді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Данияр Әлиев Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Алматы» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Ол әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Данияр Әлиев Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #мәдениет