20.10.2025, 12:03
Жаңалықтар
Бокстан Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант қабылдады
Балқыбекова жуырда екі дүркін Әлем чемпионы атанған болатын
Фото: Қорғаныс министрлігі
Алматыда Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанаты өтті. Ант қабылдағандардың арасында жуырда Әлемнің екі дүркін чемпионы атанған Алуа Балқыбекова да бар, деп хабарлайды
«Погон тағып, Қарулы күштер қатарында қызмет ету – мен үшін үлкен мәртебе. Армия орталық спорт клубында қызмет ету спортта дамуға және Қазақстанды беделді халықаралық турнирлерде танытуыма мүмкіндік берді», – деді чемпион.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова биыл наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, ал қыркүйекте Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен жарыста екінші алтын медалін иеленген.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды