Жұртты өнерімен тәнті еткен Ақылбек Жеменей 200 теңге алып қайтты (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Желіде 1995 жылы түсірілген видео тарады

Фото: @zhemeney/ instagram

Әлеуметтік желіде әнші Ақылбек Жеменейдің бала күнгі видеосы таралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Онда әнші жасы өзімен шамалас баламен бірге ән айтып жатқанын көруге болады. Үлкендер жағы жас таланттардың өнеріне тәнті болып, қошемет білдірген. Тіпті жиналғандардың бірі әмиянынан екі жүз теңге шығарып, Ақылбек Жеменейдің қалтасына салып берген.

Кадр сыртындағы ер адамның айтуынша, бұл видео 1995 жылы түсірілген. Сондықтан 200 теңгенің құны қазіргідей емес екені айтпаса да түсінікті.

«Ол кезде 200 теңгеге 6 сотық жер алғанбыз», «Манты, бәліш ол кезде 5 теңге еді ғой», «200 теңге көп ақша еді», «200 теңге 5 доллар болған», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.  

Еске сала кетейік, таяуда әнші Төреғали Төреәліге 7,5 млн теңгенің Rolex сағаты сыйға берілді. Әнші өзінің 33 жасқа толған туған күнін дүркіретін өткізді.