19.10.2025, 10:31
Жаңалықтар
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бұл жерлерде ауа ластануының деңгейі жоғары болады
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанның үш қаласында 19 қазанда ауа ластануының жоғары деңгейі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Ауа ластануы күшейетін қалалар
Метеорологтардың болжамынша, Алматы, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.
Қолайсыз метеожағдайлар – бұл әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы. Олар атмосфераның төменгі қабатында зиянды қалдықтардың жиналуынажәне ауа сапасының төмендеуіне әкеледі.
Мамандардың кеңесі
Синоптиктер тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:
- мүмкіндігінше далада жүру уақытын азайту;
- автожолдар мен өндіріс орындарына жақын аймақтарда ұзақ болмау;
- созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру.
«Ауа сапасы нашарлаған кезде адам ағзасына түсетін жүктеме артады. Сондықтан тұрғындар өз денсаулығына сақ болулары қажет», – деп ескертті «Қазгидромет».
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды