$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар аралас аралас жаңбыр жауады: 19 қазанда ауа райы қандай болады

Кейбір өңірлерде аздаған жауын-шашын болады

Қар аралас аралас жаңбыр жауады: 19 қазанда ауа райы қандай болады
Фото: freepik.com

Синоптиктердің болжауынша 19 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын, қар аралас аралас жаңбыр жауады, екпіні 20 м/с жел соғады, оңтүстік пен батыста күн ашық әрі жылы болады, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1°C суық - 1°C жылы, күндіз 7- 9°C жылы болады.

Ақмола облысында түнде батыста және солтүстікте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, күндіз батыста және солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2°С суық 3°C жылы, күндіз 5 -10°C жылы болады.

Алматы облысында оңтүстікте аздаған жаңбыр жауады, таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады, тұман түседі. Шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-10°С жылы, солтүстікте -1°C үсік жүреді, күндіз 13-18°С, тауларда 3-8°С жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9°C, күндіз 14-16°C жылы болады.

Жетісу облысында түнде таулар мен тау бөктерінде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, оңтүстікте және тау етегінде 9 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы, таулы аймақтарда 11 градусжылы болады.

Түркістан облысында батыста және оңтүстікте жаңбыр жауады, түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 7-12 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9°, күндіз 17-19° жылы болады.

Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6°, оңтүстікте 10°, күндіз 14-19° жылы болады.

Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, оңтүстікте күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 6-11, солтүстік-шығыста 3, күндіз 16-21 градус жылы болады.

Маңғыстау облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы, шығыс және орталық аймақтарда 3 градус аяз, күндіз 10-15 градус жылы болады.

Ақтөбе облысында түнде солтүстікте және шығыста аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз солтүстікте және шығыста аздаған жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Батыс пен оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, батыста және солтүстікте екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 2 градус суық - 3 градус жылы, шығыста 5 градус аяз, күндіз 7-12 градус, оңтүстікте 15 градус жылы болады.

Қостанай облысында түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте ауа райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Батыста және оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, оңтүстік пен шығыста күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3 градус суық - 2 градус жылы, күндіз 1-6 градус, оңтүстік пен шығыста 9 градус жылы болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 градус суық -1 градус жылы, күндіз 4-6 градус жылы болады.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, шығыста 10 градус аяз, оңтүстікте 1 градус жылы, күндіз 4-9, оңтүстікте 12 градус жылы болады.

Қарағанды ​​облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус аяз, оңтүстікте 1 градус жылы, күндіз 5-10, солтүстікте 13 градус жылы болады.

Ұлытау облысында күндіз батыста, солтүстікте, орталықта аздаған жаңбыр жауады. Шығыс және оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус, шығыста 10 градус аяз, күндіз 7-12, шығыста 3 градус жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз шығыс және орталық аймақтарда аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, орталықта күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, оңтүстікте 3 градус жылы, күндіз 8-13, оңтүстікте 16 градус жылы болады.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы болады.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус үсік жүреді, күндіз 10-15 градус жылы болады.

Жамбыл облысында түнде және күндіз тауларда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, тауларда 2 градус аяз, күндіз 13-18 градус жылы, тауларда 10 градус жылы болады.  

Серіктес жаңалықтары