$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғалімнің алқымынан алған

Мұғалім полицияға арыз жазды

Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғалімнің алқымынан алған
Фото: istockphoto.com

Павлодарда 9-сынып оқушысы мектептегі мерекелік шара кезінде сынып жетекшісіне қол жұмсады. Оқиға 16 қазанда күзгі бал өтіп жатқан №11 мектепте болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, мұғалім оқушыға ескерту жасаған, содан кейін жасөспірім оның мойнына жармасып, жұрттың көзінше біраз уақыт ұстап тұрған.

Жас мұғалім оқиғадан кейін бірден полицияға арыз жазған.

Павлодар облыстық полиция департаменті оқушының заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырды.

«Оқиға бойынша полицейлер тексеру жүргізді. Заңды өкілі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сотқа қарауға жіберілді», - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар тоғызыншы сынып оқушысының тәртібін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайды.

Серіктес жаңалықтары