18.10.2025, 17:44
Жаңалықтар
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
Елордада күн бұлтты болады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Қазақстанның үш мегаполисіне арналған үш күндік ауа райы болжамы жарияланды. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 19–21 қазан күндері Астанада күн суық болады, ал Шымкент пен Алматыда ауа райы жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада түнде -5°С дейін аяз болады
Синоптиктердің болжамынша, елордада күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді.
- 19 қазан: түнде және таңертең тұман түседі, температура -1…+1°С, күндіз +7…+9°С.
- 20–21 қазан: түнде ауа температурасы -3…-5°С дейін төмендеп, күндіз +8…+10°С шамасында болады. Жел бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 7–12 м/с.
Алматыда жаңбыр жауып, күн жылынады
Алматыда алдағы күндері жұмсақ әрі жылы ауа райы күтіледі.
- 19 қазан: күндіз аздаған жаңбыр жауады, ауа температурасы +14…+16°С.
- 20–21 қазан: жаңбыр тоқтайды, кей түндері тұман түсуі мүмкін. Температура түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С дейін көтеріледі.
Мамандардың айтуынша, оңтүстік-шығыс бағыттағы әлсіз жел (3–8 м/с) қолайлы ауа райын қамтамасыз етеді.
Шымкентте 24°С дейін жылынады
Ең жылы күндер Шымкентте болады.
- 19 қазан: түнде аздап жаңбыр жауады, күндіз +17…+19°С.
- 20 қазан: жауын-шашынсыз, күн ашық.
- 21 қазан: ауа температурасы күндіз +22…+24°С, түнде +6…+8°С шамасында. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, бағыты солтүстік-шығыс.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды