Реформаның негізгі бағыты – алғашқы буын медицина қызметкерлерінің ынтасын арттыру
Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, жаңартулардың басты мақсаты – дәрігерлердің жұмыс тиімділігін арттыру және емханалар мен амбулаториялар деңгейінде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.
Реформаның негізгі бағыты – алғашқы буын медицина қызметкерлерінің ынтасын арттыру, олардың біліктілігін көтеру және ауруларды ерте диагностикалауға қызығушылығын күшейту.
Медицина қызметкерлеріне қосымша сыйақы жүйесі енгізілді:
Осылайша, дәрігерлердің табысы енді диагностика сапасына, аурулардың алдын алу жұмысына және науқастарға көрсетілетін қызмет деңгейіне тікелей байланысты болады.