Қызылорда облысында мектеп дәретханасында аяусыз соққыға жығылған оқушының жағдайы белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Оқушы қазір ем қабылдап жатыр

Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында бір топ жасөспірім дәретханада соққыға жыққан 10-сынып оқушысының жағдайына қатысты тың ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Белгілі болғандай, қазір соққыға жығылған мектеп оқушысы ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты.

«Зардап шеккен баланың анасымен байланыс орнатты. Отбасыға психологиялық және құқықтық көмек ұсынылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мектеп қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды», – делінген комитет таратқан хабарламада.