Алдағы демалыс күндері жылы болады – ауа райы болжамы

Автор: Асыл Арман

Оңтүстік аймақтарда алтын күз болып тұр

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, күшті антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыруды жалғастырады.

Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерде сақталғанымен, күндіз термометр бағандары +5…+10°С жылылықты көрсетеді.

«Оңтүстік өңірлердің тұрғындарын алтын күз әлі де қуантады, күндізгі ауа температурасы +15…+20°С шамасында болады деп күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі», – делінген синоптиктер болжамында.