«Ауыр ойдан арыла алмай қаламын»: Қайрат Нұртастың әйелі жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Әншінің жұбайы диктормен бірге өлең жолдарын оқыды

Фото: Видеодан скрин

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өлең жолдарын оқып, жұртты ойға қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің жұбайы бұл жолы диктор, дубляж актері Мирас Жақыппен бірге жұп болып өлең оқиды.

«Білесіз бе, сіз сирек хат жазасыз,
Содан менде жиілеп сәт мазасыз,
Ауыр ойдан қаламын арыла алмай,
Ал сіз ше? Тап-тазасыз.

Кеше сізден хат күттім, неге?
Неге сонша асықтым, аптықтым?
Ғұмырыма татитұғын шаттықтың,
Құнын жойып, шырмап алды сәттік мұң», – делінген Жұлдыз Әбдікәрімованың оқыған өлең жолдарында.

Желі қолданушылары Жұлдыз Әбдікәрімова мен Мирас Жақыптың орындауы көптің көңілінен шығып, жылы лебіздерін білдірді.

«Керемет. Осылай жиі өлең оқып тұршы, мына бірге оқыған кісімен», «Өте әдемі,өте әсерлі», «Жолдасыңызбен Қайратпен оқығаныңыз өте керемет болар еді», «Керемет дауыс, керемет оқу, жарасымды үндестік, не деген керемет үйлесімділік», «Поэзияны жақсы көремін», «Құлақтың құрышын қандырып тұрып оқу, дауыс үндестік, керемет жеткізу, құлаққа жағымды дауыс, үндестік, үйлесімділік», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің жұбайы тележүргізуші Ардақ Қасымханмен жұп болып өлең оқығаны хабарланған болатын.