Өскеменге жақындағаннан кейін Астанаға қайтуға мәжбүр болды
17 қазан таңертең SCAT әуе компаниясының Астанадан Өскеменге бағыт алған рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақ межелі жерге жақындаған сәтте Өскемен әуежайында тұман қоюланып, көріну қашықтығы шамамен 50 метрге дейін төмендеген. Бұл – ұшақты қауіпсіз қондыруға рұқсат етілген шектен төмен көрсеткіш.
Осыған байланысты экипаж ұшақты Астана әуежайына қайта қондыру туралы шешім қабылдаған.
Әуе компаниясының мәліметінше, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін елорда әуежайында уақытша шектеулер енгізілген, сондықтан рейсті аталған аралықта орындау мүмкін болмай отыр.