Қазақстанның бес бірдей қаласында экология күрт нашарлайды

Автор: Асыл Арман

«Қазгидромет» мәліметі жарияланды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, 17 қазан күні еліміздің бес қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл құбылыс белгілі бір метеорологиялық жағдайлардың тоғысуымен байланысты: мұндай кезде ауадағы зиянды қоспалар жер бетіне жақын қабатта шоғырланып, таралмай қалады.

«2025 жылдың 17 қазанында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей және Өскемен қалаларында болжанып отыр», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

  • ауа қозғалысының бәсеңдеуі (штиль),
  • әлсіз жел,
  • тұман,
  • температуралық инверсия.

Осындай кезде ауадағы ластаушы заттар таралмай, атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады, нәтижесінде ауаның сапасы уақытша төмендейді. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз қоныстанған аудандарда айқын сезіледі.