Маңғыстау облысында Toyota Land Cruiser аударылып, жүргізушісі көз жұмды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қайғылы оқиға 16 қазан күні болды

Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қазан күні күндіз Ақтау-Бейнеу-Атырау тасжолында болған. Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлік аударылып қалған.

«Апат салдарынан 51 жастағы жолаушы – Бейнеу тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқарушылардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу басталды.

Полиция жүргізушілерге аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – сіздің, жолаушылардың және өзге де жүргізушілердің өмірі», — делінген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.