Тиімді өндіріс қағидаты енгізілді, қағазбастылық азайды, пациентке бөлінетін уақыт артты
Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір жарым жыл ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Скринингтік бағдарламалар кеңейтілді:
Учаскелік дәрігерлердің жұмыс күні 8 сағатқа дейін ұзартылды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға бөлінген. Бұл азаматтардың дәрігерге қолжетімділігін арттырып, мамандарға кезекті қысқартуға мүмкіндік берді.
Цифрлық шешімдердің арқасында жалпы практика дәрігерлеріне қолжетімділік 3,5 есеге, бейінді мамандарға 15 есеге артты.
Тиімді өндіріс қағидаты енгізілді, қағазбастылық азайды, пациентке бөлінетін уақыт артты.
Дәрігердің кейбір функциялары мейіргерлерге берілді, соның нәтижесінде халықты алғашқы көмекпен қамту деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін өсті.
МСАК мамандарын ынталандыру шаралары күшейтілді:
МСАК-ты трансформациялау шеңберінде ел бойынша 687 медициналық ұйымның басшылары мен мыңдаған мамандар:
787 жалпы практика дәрігері, 978 мейіргер, 279 колледж оқытушысы және 697 жоғары оқу орнының оқытушысы оқытудан өтті.
Ерекше назар – ана мен бала денсаулығын сақтауға аударылған.
Соңғы бір жылдың ішінде:
«Салауатты Ана» пансионаттары, жүкті әйелдерді бақылауға арналған 20 жағдайлық орталық және 100 ерте араласу орталығы ашылуда.
Емханаларда жаңа педиатриялық бөлімшелер іске қосылуда.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін пациентке, профилактикаға және барлығына тең қолжетімділікке айналдыруға бағытталған заманауи ету мақсатын қойған.