Қарағандыда өз пәтерінде есінен танып қалған ер адамға құтқарушылар көмекке келді

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ құтқарушылары ер адамға көмектесті

Фото: ҚР ТЖМ

Қарағандыда өз пәтерінде есінен танып қалған ер адамға құтқарушылар бірінші болып жетіп, алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 112 шұғыл қызмет пультіне Қарағанды қаласының пәтерлердің бірінде ер адам байланысқа шықпай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Мекенжайға жедел түрде құтқарушылар келіп, үш иінді сатының көмегімен, екінші қабатта орналасқан пәтерге балкон арқылы көтерілді.

Олар кіреберісте есінен танған ер адамды тапты. Құтқарушылар дәрігерлер келгенге дейін дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.