Ол вирустың ешкімді аяп жатпағанын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырған экс-министр Елжан Біртановтың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Құрметті Елжан Амантайұлы! Ел үшін күрделі сәтте сіз коронавируспен күресте алғы шепте жүрдіңіз. Сіздің өңірлердегі және инфекция ошақтарындағы, тікелей халықпен және мамандармен істеген жұмысыңыз денсаулық сақтау жүйесіне оң өзгерістер алып келді. Өкінішке қарай, вирус ешкімді аяп жатқан жоқ. Тезірек сауығып, қатарға оралуыңызды шын жүректен тілеймін», - деп жазды Алексей Цой Facebook парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Президент Жарлығымен Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды.