Тактикалық жаттығу бүгін ұйымдастырылады
Астана қаласындағы «MEGA Silk Way» орталығында өртке қарсы тактикалық дайындық өтетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртке қарсы тактикалық оқу-жаттығу бүгін, яғни 16 қазан сағат 11.00-де басталады.
«Астана қаласының ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан аталмыш оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды сұрайды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, «MEGA Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығы Қабанбай батыр даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан.