«Қазгидромет» РМК мәлімдеме жасады
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 16 қазанда, еліміздің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жағдай зиянды қоспалардың ауа қабатының төменгі бөлігінде жиналып, таралмауына әсер ететін ауа райы факторларына байланысты.
«2025 жылғы 16 қазанда қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында күтіледі», – деп мәлімдеді РМК «Қазгидромет».
Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) деген не және ол несімен қауіпті?
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл ауадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
Осындай кезде зиянды бөлшектер ауада жиналып, оның сапасы уақытша төмендейді. Бұл әсіресе өнеркәсіптік аймақтарда немесе тығыз қоныстанған аудандарда айқын байқалады.