Көпірден суға секірген азамат құтқарылды
Қонаев қаласында көпірде ілініп тұрған ер адам жұрттың көзінше суға секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, «112» желісіне Алматы-Өскемен автожолында, яғни Қапшағай су электр станциясы маңында ер адамның көпірден суға секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психолог маманы және полиция қызметкерлері жедел жетіп, азаматпен сөйлесіп, оны тыныштандыруға тырысты. Алайда ер адам кенеттен суға секіріп кетті.
«Құтқарушылар қайықпен суға түсіп, дер кезінде құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.