LRT-ның тағы екі пойызын эстакадаға шығару үшін Астананың қақ ортасы жабылатын болды

Автор: Асыл Арман

17 және 18 қазанда эстакадаға шығару жұмысы жүргізіледі

Фото: CTS компаниясы

Астанада жеңіл рельсті көлік желісінің тағы екі пойызын эстакада шығару үшін қаланың қақ ортасы жабылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CTS мәліметіне сүйенер болсақ, 17 және 18 қазанда құрамдар мына эстакадаға орнатылады:

  • 17 қазанда бірінші құрам – Қабанбай батыр даңғылы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы аралықта;
  • 18 қазанда екінші құрам – Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралықта.

«18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06.00-ге дейін мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстарын орындауға байланысты Ш.Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылыстарында көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі», – делінген хабарламада.