Су қоймасындағы реконструкция жуырда аяқталады
Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы соңғы 58 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу көріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Су ресурстары және ирригация министрлігі күрделі жөндеу жуырда аяқталады деп сендіріп отыр.
«Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан асатын «Көшім» каналы, ұзындығы 3 шақырымнан асатын су қоймасының бөгеті, сондай-ақ Первомай, Бударин және Киров-Чижин каналдары жөнделіп жатыр», - деп хабарлайды министрлік.
Киров су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген, жалпы сыйымдылығы – 62,9 млн текше метр. Бұл нысан – Орал-Көшім суару және суландыру жүйесінің маңызды бөлігі.