Үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды
Еліміздің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы артады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандардың айтуынша, бұл құбылыс ауада зиянды қоспалардың жиналып, таралмауына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен байланысты.
«2025 жылғы 15 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау, Алматы және Өскемен қалаларында күтіледі», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
Мұндай құбылыстар кезінде зиянды бөлшектер ауада ұзақ сақталып, адам тыныстайтын қабатта шоғырланады. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлап, әсіресе тығыз қоныстанған немесе өнеркәсіптік аудандарда экологиялық ахуал күрделене түседі.