Меншік иелері өтемақы төленетіні айтылды
Алматы қаласы әкімдігінің шешімі бойынша, Медеу және Түрксіб аудандарында 27 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік мемлекет қажеттіліктері үшін алынатын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігі Қайрат шағын ауданынан Талғар жолына дейінгі учаскеде Хмельницкий көшесін ашу үшін жерлерді мәжбүрлі түрде алу жұмысын бастауға тапсырма берді.
Әкімдіктің мәліметінше, бұл шара қаладағы көлік инфрақұрылымын дамытуға, жаңа көшелерді ашуға және транзитті жолдарды жеңілдетуге бағытталған. Меншік иелеріне өтемақы төленетіні әрі ол заң аясында жүргізілетіні айтылды.