Ол ұсталып, қамауға алынды
Алматыда ер адам көршісін әдейі көлігімен қағып өтті. Оқиға тұрғын үй ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жаяу жүргіншіні байқаусызда емес, әдейі соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, зардап шеккен азамат – отбасының жалғыз асыраушысы. Үйінде оны зейнеткер анасы мен әжесі күтіп отыр.
Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Екі ер адамның арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Қазір көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.