Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Асыл Арман

Олар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.