Қаладағы ойын-сауық орталықтарына бейне талдау жүйесі енгізілді
Алматы қаласындағы ойын-сауық орындарында заманауи бейне талдау жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде қылмыс азайып, қоғамдық қауіпсіздік деңгейі артқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл бастама «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру және Профилактика жылы аясында қолға алынды. Полиция департаменті қала тұрғындары жиі баратын демалыс және ойын-сауық орындарында пилоттық режимде бейне талдау жүйесін орнатты.
Жаңа жүйелер қылмыс жиі тіркелетін 12 ойын-сауық орнында орнатылған. Камералар бет-әлпетті тану, агрессивті мінез-құлықты анықтау, төбелес немесе топтасу жағдайларын тіркеу сияқты интеллектуалды функцияларға ие.
Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, технологияны енгізу алғашқы нәтижесін беріп үлгерді:
«Жүйе іске қосылғаннан бері бұл мекемелерде бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Алгоритмдер іздеуде жүрген немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтап, шара қолдануға мүмкіндік берді. Бұл — заманауи технологиялардың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты дәлелі», — деді ол.
Жүйе қалалық жедел басқару орталығымен интеграцияланған, бұл полиция қызметкерлеріне қауіп туындаған сәтте тез әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тетік құқық бұзушыларды анықтап, жазадан жалтармау қағидатын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеген соң, бейне талдау жүйесін мына нысандарға орнату жоспарланып отыр:
«Біздің басты мақсатымыз – тек әрекет ету емес, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыру. Цифрлық полиция – бұл қоғамдық тәртіпті қорғаудың жаңа философиясы, ол азаматтарды қорғауға және профилактикаға бағытталған», — деді Арыстанғани Заппаров.