Ол 2023 жылдан бері қашып жүрген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық бюросы 2023 жылдан бері іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.
«Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында.