Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр
Өскемен қаласында 11 қазан күні жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Қайғылы оқиға Сәтпаев даңғылында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден өтпек болған ер адамды қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты», – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Қазіргі таңда оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. Құқық қорғау органдары жол апатына нақты не себеп болғанын анықтап жатыр.