$ 537.77  622.95  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайлық компания Қазақстанда ірі инвестициялық жоба бастамақ

Ол – металлургия саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі

Қытайлық компания Қазақстанда ірі инвестициялық жоба бастамақ
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Zijin Mining Group компаниясының басшысы Чэнь Цзиньхэмен тау-кен металлургия кешеніндегі инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Zijin Mining Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэмен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған экономиканы әртараптандыру жөніндегі міндеттер шеңберінде тау-кен металлургия кешенінің жобаларын жүзеге асыруға назар аударылды.

Қазақстан – алтын өндіру бойынша 6-шы және қорлар бойынша 13-орында. Бүгінгі таңда Қазақстанның ЖІӨ-дегі тау-кен металлургия секторының үлесі 8%-ды құрайды, металлургия өнімін шығару көлемі жылына 14 трлн теңгеден асады. Салада 224 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Өткен жылы секторға $3 млрд көлемінде инвестиция тартылды.

Кездесу барысында Ақмола облысында ТМК саласындағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша бірлескен шаралар қаралды.

Сонымен қатар геологиялық барлау және жаңа кен орындарының әлеуетін ашудағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегі атап өтілді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі қосылған құны жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті жәрдем көрсететінін атап өтті. Серіктестік пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің өсуіне, тұрақты жұмыс орындарын құруға және өндірістің озық, экологиялық тұрақты технологияларын енгізуге ықпал етуі тиіс.

Өз кезегінде Zijin Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзиньхэ еліміздегі инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беріп, Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Айта кетейік, Zijin Mining Group – металлургия саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі, 15 елде 30 жобаны жүзеге асырады. Тау-кен конгломераты Forbes Global 2000 тізімінде 778 және Fortune China 500 тізімінде 77 орында.  Компанияның акциялары Гонконг пен Шанхай қор биржаларында көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары