Құқық қорғау органдары оқиғаға себеп болуы мүмкін жануарлардың иелерін анықтап жатыр
Ақмола облысында «Екатеринбург – Алматы» тас жолында BMW жолға шыққан үш жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, алдын ала мәлімет бойынша, Астана бағытында жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік кенеттен жолға шыққан жылқыларды соққан.
Салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Үш жылқының үшеуі де сол жерде өліп қалды
Құқық қорғау органдары оқиғаға себеп болуы мүмкін жануарлардың иелерін анықтап жатыр. Барлық мән-жай анықталған соң, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.