Қазақстанда аңшылық ережесі жаңарды
Экология және табиғи ресурстар министрі аңшылық нысаны саналатын бағалы жануарлардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы жаңа бұйрыққа қол қойды. Жаңа құжатқа сәйкес, аңшылыққа рұқсат етілетін жануарлар тізімі кеңейтіліп, оған 35 сүтқоректі мен 59 құс түрі енгізілді. Ал бұрынғы тізімдегі су жануарлары алынып тасталды. Өзгеріс 2025 жылғы 20 қазаннан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңартылған тізімге келесі жануарлар енгізілді:
Аңшылыққа рұқсат етілетін құстар: қызылтұмсық және қарамойнақ суқұйрық (гагара), қаз, көкқаз, сұр үйрек,шіл, құр, бөдене, кекілік, қырғауыл, тырнақ (дупель), үлкен және орта аққұмшық (кроншнеп) және өзге де су және орман құстары бар.
Бұған дейін аңшылық пен балық аулауға рұқсат етілген 67 су жануарының түрі жаңа бұйрықта алынып тасталды. Олардың ішінде:
белуга, севрюга, орыс бекіресі, бекіре (стерлядь), пелядь, шортан, ақ амур, сазан, дөңмаңдай (толстолобик), кәдімгі көксерке, камбала және кемпірқосақ алабұғасы бар.
Министрліктің мәліметінше, жаңа ережелердің мақсаты — жануарлар дүниесін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау.
Жаңартылған бұйрық күшіне енгеннен кейін, Қазақстанда барлық аңшылық қызмет тек осы тізім негізінде жүргізіледі.