Qazaq Air ұшағындағы ақауға байланысты тергеу комиссиясы құрылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ақауға байланысты ұшақ әуежайға қайта қонған еді

Фото: instagram.com/qazaqair_official/

Қостанай – Астана бағытындағы Qazaq Air рейсі техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралған еді. Көлік министрлігі оқиғаға байланысты тергеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік тергеу жүргізеді

ҚР Көлік министрлігі аталған оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылғанын растады.

«Қостанай – Астана бағыты бойынша Qazaq Air авиакомпаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тексеру үшін авиациялық апаттарды тергеу ережелеріне сәйкес арнайы комиссия құрылды», – деп хабарлады ведомство.

Ұшақ әуежайға қайта қонды

Айта кетсек, Қостанай – Астана бағыты бойынша ұшып шыққан IQ368 рейсі техникалық себеппен әуеге көтерілгеннен кейін әуежайға қайта қонған. Кейбір жолаушылар ұшу кезінде шассидің маңында қысқа уақыттық жарық байқалғанын айтқан. Бұл жайт техникалық тексеріс барысында назарға алынатыны хабарланды.