Жексенбі күні ауа райы күрт өзгереді
12 қазанда еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, республика аумағында жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, елдің батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар күтіледі, сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жетісу облысында түнде, ал Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1–6 градус аяз болады деп күтілуде.
Қазгидромет мәліметінше, бірқатар облыстарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Синоптиктер ауа райының құбылуы жол қозғалысы мен ауыл шаруашылығы жұмыстарына әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. Азаматтарға ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.