Қалалық сот мұғалімнің жұмыстан босатылуын заңсыз деп таныды
Тараз қалалық соты мектеп басшылығы «әдепке жатпайтын әрекет жасады» деп жұмыстан босатқан педагогтың талабын қанағаттандырды. Сот әйелді қызметіне қайта орналастырып, өтемақы төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талапкер, азаматша Ш., орта мектептен жұмыстан шығарылғаннан кейін сотқа жүгінген. Еңбек шартын бұзуға ата-аналардың шағымы және директордың «педагог әдепке жатпайтын, қызметін жалғастыруға үйлеспейтін әрекет жасады» деген шешімі себеп болған.
Мұғалім өз тарапынан ешқандай заңбұзушылық жасамағанын айтып, дау оқыту процесіне қатысты келіспеушіліктен туындағанын мәлімдеді. 2025 жылдың наурыз айында жүргізілген тексеріс нәтижесінде педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталмаған.
Сот анықтағандай, педагогтың әдепке қайшы әрекеті мәселесі педагогикалық әдеп кеңесінде қаралмаған. Бұл «Педагог мәртебесі туралы» заңның тікелей бұзылуы болып саналады.
Сонымен қатар, жұмыстан шығару туралы шешім этикалық кеңестің қатысуынсыз және педагогтың кінәсін растайтын құжаттық дәлелдерсіз қабылданған. Мектептің кәсіподақ ұйымы да еңбек шартын бұзуға қарсы пікір білдіріп, мұндай шешімге негіз жоқ екенін көрсеткен.
Сот жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп танып, азаматша Ш.-ны бастауыш сынып мұғалімі қызметіне қайта орналастыруды шешті.
Сонымен бірге оның пайдасына төмендегі сомалар өндірілді:
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.