Қыс жақындап қалды: Қазақстанда демалыста күн суытып, қар жауады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК алдағы күндері қар жауып, күн суытатынын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде антициклонның әсері біртіндеп әлсіреп, ауа райы жағдайлары циклонның ықпалымен қалыптаса бастайды.

Атмосфералық фронттардың өтуі нәтижесінде республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Сонымен қатар ел бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.

«Ауа температурасы солтүстік және орталық өңірлерде төмендейді: түнде термометр бағаны -3…-10 °C дейін, күндіз -3…+5 °C дейін төмендейді. Басқа өңірлерде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген синоптиктер болжамында.