Түркия мен Ресей сегіз ядролық реактор салуды талқылап жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазір жоба жұмысы қаралып жатыр

Фото: © freepik.com

Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Ресеймен жаңа ядролық жобаларды талқылап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркия Синоп қаласында және елдің еуропалық бөлігі Фракия аймағында сегіз атомдық реактор салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Бізге Синоп пен Фракияда сегіз жаңа реактор қажет. Қазір осы жобаларды талқылау кезеңіндеміз»,- деді Байрактар.

Байрактар еске салғандай, Түркияда «Росатом» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп «Аққую» атом электр станциясы салынып жатыр. Бұл Түркия тарихындағы алғашқы атом электр станциясы болмақ.

Министрдің мәліметінше, Түркия 2026 жылы төрт реактордан тұратын «Аққую» АЭС-інің алғашқы энергоблогын іске қосуды жоспарлап отыр.

Оның сөзінше, басты басымдық дәл осы жобаны толық аяқтау.

Байрактардың айтуынша, Синоп пен Фракиядағы жаңа атом электр станциялары бойынша қорытынды шешім 2025 жылы қабылданады. Сонымен қатар, «Росатом» корпорациясы Синоптағы жобаға қатысуға мүдделі екенін білдірген.

«Ресейлік компанияның «Аккую» жобасындағы тәжірибесі Синоптағы жаңа станция құрылысына да пайдалы болады», - деп атап өтті министр.