$ 539.06  623.75  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Туыстарым кетті»: ер адам Екібастұз маңындағы өрттен қаза тапқан жақындары туралы айтты

Шаруа қожалығының иесі болған жағдайға әлі сене алмай отыр

«Туыстарым кетті»: ер адам Екібастұз маңындағы өрттен қаза тапқан жақындары туралы айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысының Солнечный ауылында орналасқан шаруа қожалығы аумағында болған ірі өртке қатыстытың деректер жарияланды. Тілсіз жаудан алты адам қаза тауып, бір адам тірі қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер не дейді

Белгілі болғандай, аман қалған 53 жастағы ер адам – фермада малшы болып жұмыс істеген. Ол өз күшімен сыртқа шығып үлгерген. Қатты өрттен тірі қалған жалғыз адам сол ғана.

Қазір полиция оның жағдайы жақсарған соң, оқиғаның қалай болғанын өз аузынан естуді күтіп отыр.

«103 пультіне қоңырау сағат 06:54-те түсті. Оқиға орнына жедел жәрдемнің екі бригадасы жіберілді. 1972 жылы туған ер адам Екібастұз қалалық ауруханасына орташа дәрежелі көміртек тотығымен улану диагнозымен жеткізілді», – деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Фермердің айтуынша

Шаруа қожалығының иесі болған жағдайға әлі сене алмай отыр. Өрт кезінде ол жерде туыстары мен жұмысшылары тұрған. Бірер күн бұрын ғана кешке фермер ол жерге жаңа жұмысшы әкелген, ал ол адам сол түні қаза тапқан.

Қазір ер адам жақындарын жерлеуге дайындалып, әкімдіктен көмек күтіп отыр.

«Онда әйелімнің әпкесі, оның ағасы мен жездесі тұрды. Үш жұмысшымыз да сонда еді. Олар малға қарайтын. Бұл – сұмдық! Не болғанын, өрт неден шыққанын білмеймін. Полиция анықтайды деп үміттенемін. 16 жыл бойы бәрін өз қолыммен тұрғыздым, қаншама еңбегім кетті. Биыл шатырды түгел жаңартқан едім. Шөп те, жем-шөбі де – бәрі жанып кетті», – дейді шаруа қожалығының иесі Сембай Үтеев.

Айта кетейік, Екібастұзда жер үй мен шаруа қожалығы алапат өртке оранып, бір отбасының алты адамы көз жұмғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары