Ол ғарышта 10 минут 21 секунд болған
Продюсер Данна Қарағұсова ТМД және Қазақстаннан ғарышқа ұшқан алғашқы әйел болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының New Shepard бағдарламасы аясында 106 км биіктікке ұшып, 10 минут 21 секундқа жалғасқан миссиясын сәтті орындады.
Данна Қарағұсованы ғарыштан оралған сәтте ұлы Айтуар Әлібеков күтіп алған. Оның айтуынша, командаға Қазақстан жайлы таныстырылымнан кейін миссия мен экипаж «Space Nomads» деген лақап атқа ие болған.
NS-36 миссиясы – Blue Origin компаниясының New Shepard бағдарламасы аясындағы 15-ші адам қатысқан ғарыш сапары. Осы уақытқа дейін бұл бағдарлама арқылы ғарышқа 86 адам ұшып барған еді.