Ол еңбек кітапшасы жоғалғандықтан жұмыс өтілін дәлелдей алмаған
Жамбыл облыстық сотының мәліметінше, азамат өзінің 10 жылдық еңбек өтілін сот арқылы дәлелдеп, зейнетақы мөлшерін арттыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мойынқұм аудандық сотында ер адамның еңбек өтілін анықтау туралы азаматтық іс қаралды.
Белгілі болғандай, еңбек кітапшасы жоғалғандықтан, оған тек ең төменгі зейнетақы тағайындалған. Нәтижесінде ол 1988-1998 жылдар аралығында «ПКМ-2006» мекемесінде істеген 10 жылдық жұмыс өтілі есепке алынбаған.
Зейнеткер уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінгенімен, нәтижеге қол жеткізе алмаған. Сондықтан ол сот арқылы еңбек өтілін ресми түрде растауды сұрады.
Сот отырысында оның уәждері куәлардың айғақтарымен және ұсынылған анықтамалармен дәлелденді. «ПКМ-2006» мекемесі қазір таратылғандықтан, басқа ресми дереккөз болмаған.
Сот азаматтың 1988-1998 жылдары аталған мекемеде жұмыс істегенін заңды түрде растап, оның өтінішін толық қанағаттандырды.
Бұл шешім азаматқа зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Үкім заңды күшіне енді.