Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері еліміздің көптеген өңірінде әзірге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Мұндай ауа райы солтүстік-батыс антициклонының сілемімен байланысты.
Тек кезеңнің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
«Республика бойынша желдің күшеюі, шығыс пен орталықта – тұман, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл.
Ауа температурасының фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген синоптиктер болжамында.