Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

Автор: Асыл Арман

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жиынға премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.