Қайғылы жағдай 7 қазан күні кешке Жібек жолы көшесінде болды
Шымкентте белгіленбеген тұстан жүгіріп өтпек болған әйелді автобус қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 7 қазан күні кешке Жібек жолы көшесінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жаяу жүргінші жолдан рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан кезде автобус астына түскен.
Жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін болған жоқ, ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.