Ақмола облысында ер адам дүкеннен ақша ұрлап, қашып бара жатқан жерінен полицейлерге тап болды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Ол күтпеген жерден полицейлерге ұсталып қалды

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында ер адам дүкеннен ақша ұрлап, қашып бара жатқан жерінен полицейлерге тап болып, күтпеген жерден ұсталып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға 4 қазан күні Бурабай ауданының Щучинск қаласында болды. Жергілікті дүкенді тонады деген күдікті ізін суытпай ұсталды.

Ал дүкен сатушысы қылмыс туралы полицияға хабарлап та үлгермеді. Патрульшілер дүкеннен қолында пакеті бар, жүгіріп шыққан ер адамды байқап, дереу оны ұстады.

Сатушы әйелдің бір минутқа көңілі басқа жаққа ауғанын пайдаланып, кассадан 200 000 теңге көлемінде ақшаны ұрлап, көшеге жүгіріп шыққан. Осы уақытта жақын маңдағы аумақты күзеткен полицейлер, бірден әрекет етті.

«Ұрланған ақша, сондай-ақ қаскүнем бақытымызға орай пайдаланбаған ас үй пышағы заттай дәлел ретінде тәркіленді. Ұсталғаннан кейін бірден оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, одан әрі тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезеңінде ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.