Қазақстанда 8 қазан күні ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Петропавл, Қостанай жәнеКөкшетау, Астана қалаларында ауа температурасы күндіз +10…+16°С, түнде 0…-2°С шамасында. Қарағанды мен Павлодарда да жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Шығыс пен орталық өңірлерде күн бұлтты болғанымен, жауын-шашынсыз өтеді. Өскемен мен Семейде түнде -5°С дейін суытады, күндіз +3…+7°С жылы. Жезқазған мен Қарағандыда ауа температурасы +12…+14°С дейін көтеріледі.

Батыс және оңтүстік өңірлерде жылы әрі жайлы ауа райы күтіледі. Орал мен Атырауда +20…+22°С, Ақтөбе мен Ақтауда +18…+25°С аралығында болады. Күн ашық, жауын-шашын жоқ. Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін.

Алматы, Талдықорған, Қонаев және Тараз қалаларында да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз +14…+17°С, түнде -3…+3°С. Ең жылы ауа райы Шымкент пен Түркістанда – +23…+25°С шамасында.