Қала тұрғындары үшін тариф төмендеді
Қазан айынан бастап Алматы қаласының тұрғындары сумен жабдықтау және кәріз қызметтері үшін төмендетілген тарифтермен төлем жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Алматы Су» мекемесіне сілтеме жасап.
«Алматы Су» компаниясының мәліметінше, тарифті төмендету шешімі Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес қабылданған.
2025 жылдың қазан айынан бастап жаңа тарифтер төмендегідей болады:
Бұл тарифтер 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
Компанияның түсіндіруінше, бұрын суды пайдалану көлеміне қарай әртүрлі топтар үшін бөлек тарифтер қолданылған болса, енді есептеу біртұтас тариф бойынша жүргізіледі, яғни тұтыну көлеміне қарамастан, бір баға.
Мұндай бірыңғай тариф жүйесі жыл соңына дейін қолданыста болады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі, көлемге қарай бөлінетін жүйеге қайта көшу жоспарланып отыр.